Ұшқышсыз тікұшақ
Қытайдың «United Aircraft» компаниясы «Boying T1400» атты жаңа ұшқышсыз тікұшақты сынақтан өткізді. Құрылғы бір ұшқанда сегіз сағатқа дейін әуеде тоқтаусыз қалықтай алады және 6,5 шақырым биіктікте тұрақты ұшу қабілетіне ие.
«Boying T1400» екі қозғалтқышпен жабдықталған, интеллектуалды басқару жүйесімен басқарылады. Инженерлердің айтуынша, мұндай дрондар ауыл шаруашылығында, логистикалық тасымалдауда, табиғи өрт ошақтарын әуеден бақылауда тиімді. Мамандар тікұшақтың ұзақ ұшу мүмкіндігі жедел қызметтер мен экологиялық мониторинг жүйелерінде серпіліс әкеледі деп болжап отыр.