Қан тамырларының жұмысын жақсартатын жидектер

0 21

Кейбір маусымдық жидектер жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы. Бұл туралы «РИА Новости» сайтына берген сұқбатында терапевт-дәрігер, диетолог Галина Волкова айтты.

Оның сөзіне қарағанда, қан тамырларын нығайтатын жидек түрлері бар. Бүлдірген (ежевика) осындай қасиетке ие. Бұл жидек С дәруменіне және антиоксиданттарға бай, сондықтан қан тамырлары үшін пайдалы. Сондай-ақ таңқурай да (малина) көп мөлшерде С дәруменін, марганец пен талшықты қамтиды, – деп толықтырды Волкова.

Бұдан бөлек, диетолог көру қабілетіне пайдалы қаражидек (черника) пен көкжидекті (голубика), сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер ететін қара жүзім сорттарын рационыңызға қосуды ұсынды.

Пайдалы жидектер қатарына ол ас қорытуға көмектесетін қарлығанды (крыжовник), сондай-ақ калий мен магнийге бай қарбыз бен қауынды енгізді.