Тұрғындар көтерген түйткілдер қараусыз қалмайды

0 2

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды кезекті рет жеке қабылдады.

Бұл жолы 12 тұрғынның тарапынан денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, жұмыспен қамту, жол, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды.

Ербол Қарашөкеев халық көтерген түйткілдер қараусыз қалмайтынын айтып, мәселелерді шешімін тапқанша өз бақылауында ұстайтынын атап өтті. Келіп түскен өтініштерді жан-жақты зерделеу бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді.

Еске сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.