Ұйқыны бұзатын себептер
Түнгі ұйқының бұзылуы талай адамды мазалап жүргені мәлім. Сондықтан бүгін біз сіздерге ұйқысыздықтан құтылудың жолдарын ұсынғалы отырмыз.
- Жарық сәуле. Егер жарық сәуледен қорғанбаған мекемеде ұйықтамақ болсаңыз, онда сіздің ағзаңыз ұйқыға кете алмайды. Ол кезде жапқыштарды жауып, білте шам пайдалануға тура келеді. Жатар алдында компьютер мониторын қосулы қалдырмаңыз.
- Алкоголь. Ащы суды жиі тұтынатын адамдардың ұйқы гормоны бұзылады. Егер алкогольді қойса, бәрі реттеледі.
- Кофеин. Кофе мен шайды көбіне таңертең ішкен дұрыс. Түнде ішкен кофе сізді тәтті ұйқыңыздан айырады.
- Күндізгі ұйқы. Түскі асқа тойып алғаннан кейін бірер сағат ұйқыға кететін адамдарды ұйқысыздық мазалайды. Сондықтан бұл ауруға тап болмау үшін күндізгі ұйқыны қысқарту керек.
- Спорт. Физикалық жаттығулармен уақытымен, мөлшерімен айналысқан абзал. Ал, кешке қарай жаттығу залына барып, жүгірудің қажеті жоқ. Ол сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.
- Ыстық бөлме. Егер терлесеңіз, ұйықтау қиынға соғады. Ол үшін жатар алдында бөлмеңізді желдетіп алып, температурасын қадағалаңыз.
- Түнгі өмір салты. Егер күнде кеш жатып, кеш тұрсаңыз, онда сіздің биоритміңіз бұзылады. Ал, ол өзіңізді сергек ұстауға кедергі келтіреді.
- Айқай-шу. Өзге жандардың айқай-шуы ұйқысыздыққа әкеліп соқтырады. Абыр-дабыры көп көршілерге не істеу керектігін білесіз…
- Ғаламторға тәуелділік. Әлеуметтік желілерді ақтара беру де тыныш ұйқыңызды бұзады. Өзіңізді ұялы телефонсыз ұйықтауға үйретіңіз.
- Кешкі ас. Кешкі асқа жеңіл-желпі тағамдар жақсы екенін білесіздер. Сондықтан тамаққа тойып алып, ұйқыға кетуге болмайды.