Көктемгі аллергиядан қорғану жолдарын біле жүріңіз

0 3

Көктем келіп, табиғат оянған шақта ауада өсімдіктерден бөлінетін тозаңның мөлшері артады. Бұл көптеген адамдарда аллергиялық әсер тудыруы мүмкін. Аллергия симптомдарын жеңілдету үшін мамандар бірнеше тиімді кеңес ұсынады.

Бөлме ауасын таза ұстау. Фармаколог Адам Поусон аллергия белгілерін азайту үшін үй есіктері мен терезелерін жабық ұстауды ұсынады. Егер терезені ашу қажет болса, оны түнгі уақытта жасау керек, өйткені бұл кезде ауадағы тозаң деңгейі төмен болады.

Терезе пердесі мен жалюзды тазалау. Интерьер маманы Хелен О’Коннор үйдегі перделер мен жалюздың тазалығына көңіл бөлуді маңызды деп санайды. Оларды айына кемінде бір рет тазартып тұрса, бетінде жиналған тозаңнан құтылып, аллергия қаупін азайтуға болады.

Тері күтімі. Дерматолог Миа Мосли-Смит аллергиядан қорғанудың тағы бір жолы – киім мен теріні тозаңнан тазарту екенін атап өтеді. Косметика немесе күннен қорғайтын крем қолданған жағдайда, теріні екі кезеңде тазарту қажет: алдымен мицеллярлы сумен, кейін жұмсақ гельмен жуу арқылы терінің толық тазалығын қамтамасыз етуге болады.

Аллергияға қарсы күресудің қосымша әдістері. Аллергияның алдын алу үшін үйді тұрақты түрде тазалап, ауа сүзгілерін қолдану маңызды. Сонымен қатар дәрігермен кеңесіп, жеке емдеу жоспарын жасау пайдалы болмақ.