«Жасанды» студент
Аустрияның Вена қаласындағы Қолданбалы өнер университеті алғаш рет жасанды интеллектіні ресми студент ретінде қабылдады.
«Флинн» деп аталатын нейрожүйе цифрлық өнер бағдарламасы бойынша білім алады. Университет өкілдерінің айтуынша, «Флинн» кәдімгі талапкерлер секілді толық қабылдау кезеңінен өткен, яғни, портфолио ұсынып, сұқбаттасқан, содан соң бағдарламаның талаптарына сәйкестігі тексерілген. Университет басшылығы студенттің адам болуы шарт деген ереже болмағандықтан, оны оқуға қабылдаған. Енді ол кәдімгі студент секілді сабақтарға қатысып, оқытушылардан бағалар мен сын-ескертпелер алады.