Тұрғын үй құрылысы — партия бақылауында

0 6

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тараз қаласындағы «Әулиеата» шағынауданынан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылысына партиялық бақылау жүргізді.

Аталған ауданда 22 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы 2024 жылдың қараша айында қаланған болатын. Бас мердігер – «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі таңда мердігер құрылыс жұмыстарын күшейткен. Алғашқы баспаналар ағымдағы жылдың қыркүйек айында беріле бастайды. Жалпы мұндағы үйлердің құрылысы 2027 жылы толығымен аяқталып, пайдалануға берілмек.

Тұрғын үй құрылысымен танысқан комиссия мүшелері мердігер компания өкілдеріне құрылысты уақытылы жүргізу туралы ұсыныс берді. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды қолдану қажеттігін де ескертті.