Жүрек жұтқан саяхатшы

0 10

Ресей саяхатшысы тарихта алғаш рет Атлант мұхитының оңтүстігін ескек қайықпен жалғыз жүзіп өтті.

Біреулер мұны ақылға сыймайтын­ кезбелік деп ойлауы мүмкін. Бірақ, кезбеліктің де жарасатын адамы болады. Сондайлардың бірі де, бірегейі – 73 жастағы Фёдор Конюхов. Осы уақытқа дейін ол 20 рет қайығымен аударылып, қатты дауылдарды еңсерген. Саяхатшы тіпті, мұнымен тоқтап қалмақ емес. Оның басты мақсаты – Аустралияға жету. Ол үшін Конюхов тағы 130 күн бойы жүзіп, мыңдаған шақырымды еңсеруі керек.