Куәлік табыс етілді

0 13

Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Сағынғали Амановтың төрағалығымен аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, аудан әкі­мінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев және қоғамдық кеңестің мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қоғамдық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов жылдық жоспар жобасымен таныстырды. Кеңес мүшесі Е.Нәдірғожин бірінші мәселе бойынша жоспарға ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдерін енгізу туралы ұсынысын айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бой­ынша аудан әкімдігі ішкі саясат және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары Жанар Несіпбаева мен Мәлік Мұқашевтың хабарламалары тыңдалды. Онда ау­данның құрылғанына 60 жыл толуына орай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жоспары қаралды. Аталған жоспар жөнінде Нұртас Саурықов ауданымыздағы мектеп оқушылары аудан тарихымен танысып, сондай-ақ «Мойынқұм таңы» газетінің әр нөміріндегі «Мойынқұм ауданына-60 жыл» айдарымен жарияланған еңбек майталмандары туралы мектептерде ашық сабақтар өткізілуі керектігін айтты.

Кеңес мүшелері Ш.Исабеков, А.Боташева іс-шараларды өткізу үшін қа­ражат мәселесінің шешілу барысын және ауыл әкімін, аудандық білім бөлімі мен электр желілерін тарату мекемесінің басшыларын жиналысқа шақырту сынды ұсыныстарын айтты.

Бұдан кейін қоғамдық кеңестің уақытша сараптама тобы құрылып, оған кеңес мүшелері А.Боташева, А.Үмбетқұлова, М.Күнту, Т.Жұмағұлов, аудандық санитариялық-эпидемиоло­гиялық бақылау басқармасының бас­шысы А.Елеуова, аудан әкімі аппара­­тының мемлекеттік-құқықтық бө­лім­­­шесінің басшысы Қ.Ізбасарова ұсы­­­­нылып, бірауыздан мақұлданды. Со­нымен қатар, кеңес мүшелері ауылдық округтерге бөлінді.

Жиын барысында аудандық мәс­лихаттың төрағасы Нұртас Саурықов аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болған, «Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы» Шахикерім Исабековке мәслихаттың 30 жылдығына арналған төсбелгіні тапсырды, шапан жауып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ кеңес төрағасы мен мүшелеріне куәліктерін табыс етіп, алдағы атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.