ЖИ жасаған мультфильм

0 17

«AiMation» атты британдық студия анимация әлемінде жаңа белесті бағындырды.

Жасанды зерде жасаған толық­метражды мультфильмнің атауы – «Роботтар қайда өседі?». Фильм ұзақтығы – 87 минут, оны жасауға 9 адамнан тұра­тын команда атсалысқан. Бұл – әдет­тегі анимациялық жобалармен салыс­тырғанда айтарлықтай аз құрам. Айта кетейік, мультфильм қазір «Youtube» платформасында қолжетімді.