Ұшақта туған нәресте

0 15

«Uzbekistan Airways» әуе ком­пания­сының Ташкент – Нью-Йорк рейсінің бортында ұл бала дүниеге келді.

Сәтін салғанда жолаушылар арасында акушер-дәрігер мен хирург болған екен. Олар дер кезінде көмек көрсетіп, сәбиді аман-есен босандырып алған. Осыған байланысты экипаж Исландияның Кефлавик қаласындағы резервтік аэродромға шұғыл қону туралы шешім қабылдапты. Ұшақ сәтті қонғаннан кейін, анасы мен сәби жергілікті емханаға жеткізілген.