Минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды

0 3

Т. Рысқұлов ауданындағы Рахым Сәбденов ауылында сағатына 3000 литр минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды. Іс-шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен ауыл тұрғындары қатысып, өндіріс ошағының жұмысымен танысты.

Аталған жобаға «Парус-Т» ЖШС-і 200 миллион теңге инвестиция салған. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылды. 2023 жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. 2024 жылы қытайлық білікті мамандар кәсіпорынды іске қосу жұмыстарын жүзеге асырған. Құрылыс жұмыстарына 30 адам тартылған. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 15 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Минералды ауызсу «Бай тал» атауымен нарыққа жол тартады.

Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында жалпы құны 16,1 миллиард теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.