Шуда сегіз отбасы баспаналы болды

0 9

Шу ауданында тұрғын үй кезегінде 1872 азамат тұр. Өңірде осы өзекті мәселені шешу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Нәтижесінде жақында баспанаға мұқтаж сегіз отбасы қоныстойларын тойлады.

Пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстаған аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті.

Баспана тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар санатына жататын отбасылар мен көпбалалы аналарға берілді. Баспана бақытына ие болғандардың бірі – жеті баланың анасы Перизат Бақытжанқызы. Көпбалалы отбасы талай жылдан бері пәтер жалдап күн кешіп келген.

– Мемлекет қолдауының арқасында пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Баспанасыз жүрген отбасыларға осындай қуаныш бұйырсын! – дейді бақытты ана.