Пойыздағы 5G

0 2

Қытай зерттеушілері вакуумдық пойыздарда тұрақты байланысты қамтамасыз ететін технология әзірледі.

Вакуумдық пойыздар сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Ол магнит левитациясының арқасында ұшақтан да тез жүреді. Бұл жобаны ең алғаш Илон Маск ұсынған болатын. Алайда ол әлі іске асқан жоқ. Қытай­лар оның алдын орап, «Hyperloop» желісі 2035 жылы іске қосылатынын мәлімдеді. Тіпті, олар пойызды интернетпен қам­тамасыз ететін технология да жасап шыққан. Байланысты тұрақты ұстау үшін зерттеушілер құбырдың ішіне екі параллель кәбіл жүргізуді ұсынып отыр. Кәбілдер сигнал таратып, интернетпен тұрақты қамтамасыз етеді.