Автоматтандырылған метро

0 20

Сауд Арабиясынның Эр-Рияд қа­ласында әлемдегі ең ірі автомат­тан­дырылған метро іске қосылды.

Метро бес желіден тұрады. Ұзындығы — 176 шақырым. Қазіргі кезде үш желі жұмыс істеп тұр. Ал қалғандары келесі жыл­дың қаңтар айында ашылады деп жоспарланған. Метро күніне 3,6 миллион жолаушыны тасымалдай алады. Соның арқасында жеңіл көлік қозғалысы сиреп, көмірқышқыл газының шығарылуы жылына 12,5 миллион тоннаға азаяды деген үміт бар. Вагондар отбасыларға, жеке жо­лаушыларға, мүмкіндігі шектеулі адам­дарға деп үш санатқа бөлінген. Авто­мат­тандырылған жүйе пойыздардың қауіпсіздігі мен бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді.