Ең биік көпір

0 7

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында салынып жатқан Хуацзян шатқалының көпірі әлемдегі ең биік көпір болмақшы.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2025 жылдың маусымында аяқталады деп жоспарланған. Көпірдің жалпы ұзындығы – 2890, ал биіктігі – 625 метр. Бұл көрсеткіш қазір әлемдегі ең биік көпір – Бэйпаньцзяннан да асып түседі. «Гуйчжоу провинциясы таулы және шатқалды жерлерімен танымал. Сондықтан бұл құрылыс аймақтың инфрақұрылымын жақсартып, экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді», дейді сарапшылар.