Миллионерлер ауылы

0 7

Әлемде бүкіл тұрғыны миллионер ауыл бар. Онда әрбір отбасы аумағы 500 шаршы метрден кем емес виллада тұрады. Әрқайсысының гаражында қымбат көлік бар.

Бұл – Қытайдың Цзянсу провин­ция­сындағы Хуаси ауылы. Хуаси – Қытайда ал­ғашқылардың бірі болып қор биржасына акция шығарған ауыл. Сондай-ақ ауылдың жекеменшік ұшақтары мен тікұшақтары бар.

Бұл ауылдағы ең ерекше ғимарат – 74 қабаттан тұратын, биіктігі 328 метр «Лун Си» халықаралық қонақ үйі. Оны Хуаси тұрғындары өз қаржысына салған. Қонақ үй Қытайдағы ең биік ғимараттар арасында сегізінші орынға ие.