Бала тәрбиесінің бұлжымас қағидалары

0 20
  1. Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана  әсер етеді.
  2. Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Әр биікке өз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.
  3. Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сондай қадамға баратыны есте жүрсін.
  4. Балаңызбен әңгімелесу нәтижелі болуы үшін, ең алдымен ашық жарқын сенімге құрылған риясыз әдісті таңдаңыз. Сіздің сөздеріңіз қатал естілуі мүмкін, бірақ ешқашан да ауыр әрі өрескел болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ғана ата-ананың талаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.
  5. Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.
  6. Өзін және оны қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оны өзіне өте сенімді адам ретінде қалыптастырып, қоршаған ортамен байланысын жолға қоюға көмек береді.
  7. Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз. Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана ұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.
  8. Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.
  9. Баланы әр кезде оның көзіне қарап тұрып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады.
  10. Өзіңіздің бос уақытыңызды үнемі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуге мүмкіндік береді.
  11. Әр уақытта оған қажет болғанда үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап  отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады.
  12. Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін  естен шығармай, айтып отырған жөн, себебі, оның тым тәкәппар және екіжүзді болып өспегені жақсы.
  13. Оның таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті, сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны ешуақытта сынамаңыз.
  14. Оны өз қадамдары үшін жауап беруге үйретіңіз.  Оның өзін емес, әруақытта жақсы  қадамын бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін көрсетіңіз, оның орнында өзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау және шешім қабылдау құқығын оның өзіне қалдырыңыз.
  15. Еш уақытта оның осыған дейін жасаған қателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсенің барлығын өткен күнге қалдырыңыз.
  16. Оған тым қатты талап қойып, ұзын-сонар ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның жанын жаралайтын немесе намысына тиетін ащы әзіл не теңеулер, әжуа айту ешуақытта дұрыс болмайды.
  17. Егер сізді оның мінез-құлығы ренжітсе, бұл жайлы өзіне айтыңыз. Бұндай кезде оның тәртібін талқылымаңыз, тек өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы айтыңыз.
  18. Шектен тыс бақылауды азайтыңыз, бұл көп жағдайда табыс әкелмейді.
  19. Ол ақтай алмайтын үмітті, көтере алмайтын жүкті оған артпаңыз. Бастапқыда өзіңіз одан не талап ететініңізді анықтап алған жөн. Содан соң барып, міндетті түрде оның не қалайтынын біліңіз, ұстаным жасауға тиіс аса маңызды жағдайлар бойынша міндетті түрде келісімге келуге ұмтылған дұрыс.
  20. Әңгіме барысында оның маңызын жоғалтпау үшін көпсөзділіктен арылу керек.
  21. Сіздің баланы мәжбүрлеуіңіз тым нәзік, жан-жақты әрі жалғаспалы сипатта әсер ететіндей болуы керек.
  22. Әр уақытта баламен үлкен адамдарша, оны кішірейтіп, еркелетер сөздерді барынша аз қолдана отырып сөйлескен абзал.
  23. Даулы мәселелер орын алған жағдайда бала өзін үнемі қателесуші ретінде сезінбес үшін оған жол беріңіз. Бұл арқылы сіз балаңызға біреуді кешіруді, өз қателігін түсінуді, жеңілістер мен қателіктерді мойындай білуді үйреткен болар едіңіз.
  24. Оны ақылы, таланты, сұлулығы немесе тума дарыны үшін емес, қарапайым ғана оның осылай бар болғаны үшін ғана жақсы көріңіз.

Балаға үш негізгі қасиетті дарытуға міндеттісіз: шешім шығару, құрмет, жауапкершілік. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-жағындағыларға құрметпен қарайтын және өз қадамдары үшін жауап бере алатын адамдар көп жағдайда табысқа жететіні белгілі.