Қандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

0 25

Қытайлық ұлты қазақ ММА шебері Нартай Қызырбайұлы кәсіпқой мансабындағы ең үлкен жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Қандасымыз Қытайдағы ең танымал «JUE CHENG KING» атты ережесіз жекпе-жек бәсекесінде өнер көрсетіп, тибет ұлтынан шыққан танымал файтер Зы Уаңмен шеберлік байқасты. Бес раундтық жекпе-жек қорытындысында Нартай қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, 1 миллион юань (140 мың доллар) сыйақы иеленді.

Айта кетейік, Нартай Қызырбайұлы Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облысындағы Күнес ауданында дүниеге келген.  23 жастағы файтер кәсіпқой мансабында 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.