Тұмаудың алғашқы белгілері байқала бастағанда

0 17

Тұмаудың алғашқы белгілері байқала бастағанда пияздың басын кесіп, иіскеңіз. Бұл әдісті күніне кем дегенде 3-4 рет жасау керек.

Лимонды қабығымен бірге уақтап турап, үстіне өсімдік майын құйып, күніне бірнеше рет мұрынға жағыңыз.

1,5 литр қайнаған су алып, оған 1 ас қасық тұз, 1 лимон және 1 грамм аскорбин қышқылын қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, 1,5 сағат сайын ішіп тұрыңыз.

Лимонды 1 минут қайнаған суға салып, кейін қабығымен бірге еттартқыштан өткізіп, 100 грамм кілегей майымен және 1-2 ас қасық балмен араластырыңыз. Дайын болған соң, әр 2-3 сағат сайын 1 ас қасықтан тұтыныңыз.

4 ас қасық кептірілген бүлдірген жемісіне 500 мл қайнаған су құйып, 20 минут күтіңіз. Жатар алдында бірден 2 стақан ішіп алыңыз. Мұндай бүлдірген тұнбасын (1 стақанға 10 бүлдірген) тамақ ауырған кезде де ішуге болады.

Тұмау мен түрлі вирустардың алдын алу үшін күн сайын сарымсақпен тісті ысқылау керек.