Қазақстандық «Мобилография атасының» қуанышы

0 77

Танымал қазақстандық блогер, халық арасында «Мобилографияның атасы» деген лақап атқа ие болған Қыран Талапбек пен оның жұбайы Гүлзада Тұрлаш Instagram желісіндегі оқырмандарымен қуанышты хабарларымен бөлісті.

Белгілі болғандай ерлі-зайыптылар Әзірбайжанның президенті мен бірінші ханымы Ильхам мен Мехрибан Әлиевпен танысу құрметіне ие болған көрінеді. Бұған ең бай әзірбайжандықтардың бірі кәсіпкер және әнші Эмин Агаларов (Emin) көмектесіпті.

«Әзірбайжан президенті Ильхам Гейдарұлы Әлиевпен жеке танысу үлкен мәртебе болды. Эмин Аразовичке берілген мүмкіндік үшін зор алғысымызды білдіреміз», деп жазды Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаш бірлескен жазбада.