Германияда қонақ үйдің бір бөлігі опырылды

0 23

Трабен-Трарбах (Рейнланд-Пфальц) маңындағы Мозель өзенінің бойындағы Крёф ауылында қонақүйдің бір бөлігі опырылып, екі адам қаза тапқан.

Триер полициясының хабарлауынша, алғашқы зардап шеккендер құтқарылған. Бастапқыда сегіз адам үйінді астында қалып, кейбірі ауыр жарақат алған. Олардың арасында бала да бар екені белгілі болды. Полиция құтқару операциясы өте қиын өткенін айтты, өйткені тозығы жеткен жартылай ағаш ғимаратқа сақтықпен ғана кіру қажет болды. Сондай-ақ марқұмдар да үйінді астынан әлі шығарылмаған.

Оқиға орнында 250-ге жуық төтенше жағдай қызметкері, соның ішінде техникалық көмек көрсету қызметкерлері (THW), өрт сөндірушілер, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ құтқару иттері жұмылдырылған.

Анықталғандай, бір күн бұрын кешкі уақытта болған қайғылы оқиға кезінде ғимаратта 14 адам болған, олардың бесеуі зардап шекпеген.  Олар дер кезінде ғимараттан шығып үлгерген. Ғимарат құлағаннан кейін көрші үйлерден 31 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Қайғылы оқиғаның нақты себептері әлі белгісіз.