Балаға күн тигенінің белгілері

0 17

Педиатр Марьям Сайфулина баладағы күн тиюдің белгілерін атады. Дәрігердің айтуынша, шөлдеу мен шаршау балаға күн тигенін білдіруі мүмкін. Сондай-ақ оны аяқ және іш бұлшықеттерінің тартылуыылғал суық тері  көрсетуі мүмкін.

«Әсіресе, жағажайда балаға күн тиюі мүмкін. Ол құммен ұзақ уақыт ойнап отырса немесе ашық алаңдарда белсенді ойындар ойнаса, күн өтіп кетуі мүмкін», дейді дәрігер.

Дәрігер балаға күн тисе, оның температурасы 39,4 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ тері ысып және қызарып кетуіжүрек соғысы жиілеп кетуі мүмкін. Балалар әсіресе күн тиюге бейім келеді, сондықтан оларға қарапайым серуеннің өзінен күн өтіп кетуі мүмкін.

«Әсіресе, баланың ағзасы сусызданған болса немесе ол жылы киініп алған болса, бала желдетілмеген көлікте ұзақ отырып қалса және терезе жанында отырса, оған күн тиюі мүмкін», дейді Марьям Сайфулина.