Жарты сағатта екі келідей палау жеген

0 26

Андижанда жылдам палау жеуден турнир өтті. Жеңімпаз жарты сағат ішінде 1 кг 745 грамм палау жеген.

Айта кетейік, бұл іс-шара Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің тұрғындары қатысқан.

Қырғызстаннан келген қатысушы Токтосун Бекмаматов турнирдің жеңімпазы атанды. Ол жарты сағатта 1 келі 745 грамм палау жеп, келесі жылы да турнирге қатысқысы келетінін атап өткен.