Грекияда 6 күндік жұмыс аптасы күшіне енді

0 26

Грек кәсіпорындары қызметкерлері үшін алты күндік жұмыс аптасын енгізуге мүмкіндік алды.

Бұл құқық тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қызмет көрсететін немесе өздерін «ерекше жұмыс жүктемесі» алдында тұр деп санайтын фирмаларға қатысты. Осылайша, гректер үшін қазіргі 40 сағаттық жұмыс аптасы 48 сағатқа айналуы мүмкін.

Бұл шешім көпшілік арасында наразылық тудырды. Көптеген адам бұл жұмысшылар құқықтарының шектеулі уақытына қайта оралу деп айтып отыр. Жұмысшылар алтыншы жұмыс күні үшін 40% немесе жексенбі күні жұмыс істеуге тура келсе, 115% үстемеақы алады. Дегенмен, көпшілік, әсіресе жастар денсаулық пен жеке өмірді бірінші орынға қойып отыр. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бізге аптасына 40 сағат жұмыс тым көп екенін айтады. Біз Еуропаның басқа елдерінде жүктеменің қалай азайып жатқанын көріп отырмыз. Мен алты күндік жұмыс режимін қабылдамаймын және оның орындалуына жол бермеуіміз керек. Егер мен алты күндік жұмыс мені шаршататынын көрсем, бас тартамын. Мен үшін ақша емес, денсаулық бірінші орында», дейді грек тұрғыны.

2023 жылға арналған «Eуростат» деректері Грекиядағы орташа жұмыс аптасы 39,8 сағатты құрайтынын көрсетіп отыр. Бұл – Еуропалық Одақтағы Польша мен Кипрден кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Еуропалық орташа көрсеткіш 36,1 сағатты құрайды, ал Нидерланд тұрғындары ең аз жұмыс істейді – аптасына 32,2 сағат.