Қырғызстанда TikTok-қа кіруге шектеу қойылды

0 32

Бұл туралы қырғыз БАҚ оқырмандары хабарлаған. Пайдаланушылар қолданбаға кірмек болғанда, ол қатып қалады. Кейбір провайдерлер әлеуметтік желіге кіруге әлі тыйым салмағаны белгілі.

Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел территориясында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат келіп түскен.

Шешім шығаруға TikTok тарапынан «Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Заңын сақтамау негіз болғаны айтылды.