Таңертең көз астының ісуін қалай кетіруге болады?

0 30

Кейде таңертең ұйқыдан тұрғанда көзіңіздің асты ісіп тұруы мүмкін. Таңертең көз астының ісіп тұруынан мүлде құтылғыңыз келсе, дәрігерге қаралу керек. Ал егер одан уақытша жылдам арылу керек болса, мына тәсілдерді қолданып көріңіз.

Аш қарынға су ішу. Көз ісуінің бір себебі – ағзаның сусыздануы. Сондықтан, лимон суы қосылған қарапайым суды көбірек ішкен жөн. Сусызданудың бірінші сатысы – көз астының ісуі, екінші сатысы – көз астының қараюы.

Мұз текшелерімен сүрту. Бұл көз асты ісуін 10 минутта кетіретін әдіс. Алдын ала түймедақ немесе жалбыз қайнатпасын дайындап, оны мұз текшелері тұратын ыдысқа құйып, мұздатқышқа қатырып қойыңыз. Содан соң көзіңіз іскен күні мұздатқыштағы дайын мұз текшесін алып, онымен көзіңіздің астын жайлап сүртесіз. Мұзды 5 минут қолданғанның өзі жеткілікті.

Салқын қасық басу. Екі салқын қасық қан жүретін тамырларды сергітеді. Ұйқыдан тұрған соң өзіңіз жуынатын бөлмеге кірмес бұрын бірнеше қасықты мұздатқышқа салып кетіңіз. Жуынып шыққан соң мұздатқыштан екі қасықты алып, қасықтар жылып кеткенше оларды көзіңіздің астына басып отырыңыз. Егер бір жасағаннан көзіңіздің іскені кетпесе, мұздатқыштан келесі қасықты алыңыз.