Мойынқұмдық аналарға Алғысхат табыстады
Облыстық мәслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы Әйелдер қанатының кеңесшісі Айман Әшімова Мойынқұм ауданында іссапармен болып, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев пен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева бірге аудан орталығындағы бірқатар нысанды аралады.
Айман Серікқызы, алдымен аудандық орталық ауруханада орналасқан «Аяла» сауықтыру орталығының жұмысымен танысты. Орталық меңгерушісі Ақнұр Санатқызы орталықтың жұмысын туралы жан-жақты айтып беріп, атқарған жұмыстары мен алда тұрған жоспарлары жайлы баяндады. Бұдан кейін жеке кәсіпкер Лаура Шынболатқызының ұлттық брендтегі киімдерге арналған сауда үйінде болған халық қалаулысы ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін кәсіп иесіне ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.
Аудандық орталық кітапхананың «Коворкинг» орталығында жастармен жүздескен А.Әшімова өзінің көпбалалы ана және кәсіпкер ретінде өмірден түйгендерін айта келіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдағы әйел рөлін күшейтуге үлес қосып жүрген бірқатар мойынқұмдық аналарға Алғысхат пен сыйлық табыс етті. Ардагер ұстаздар Шахаркүл Оспанова, Айнаш Боташева, Шолпан Орынханқызы, Лаура Шынболатқызы сөз сөйлеп, тәлім-тәрбиелік бағыттағы жұмысты ұлт болып ұйысып, қолға алуға шақырды. Ал аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық көмек беру кабинетінің психологы Перизат Мұратқызы аталған кабинеттің ашылғанынан бастап қазіргі күнге дейінгі атқарылған жұмыстарына тоқталды.