375277 жамбылдық жақтап дауыс берді
Облыс аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында референдумның алдын-ала қорытындысын жария етті.
Серғали Өмірзақұлы облыста референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 688369 адамды құрағанын, оның 477290-ы дауыс беруге қатысқанын, бұл референдумға қатысушы азаматтар санының 69,39 пайызын құрайтынын атап көрсетті.
Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтар саны 78,63 пайызды немесе 375277 адамды құраған. Түзетулерге қарсы болғандары – 17,85 пайыз.
Спикердің айтуынша, бюллетеньдердің 1,89 пайызы жарамсыз деп танылған. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньдердің 1,65 пайызы есепке алынбаған.
«Ерекше қажеттіліктері бар 1128 азамат үй жағдайында дауыс бере алды. Ал арнайы учаскіге келіп референдумға қатысқандар саны – 1067 адам», — деді Серғали Өмірзақұлы.
Облысымыздағы барлық референдум учаскелерінде бақылаушы ретінде республикалық қоғамдық ұйымдардан 2 283 өкіл қатысыпты.