Алашқа – абыз, өнерде – аңыз
Сарысу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, актер Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойына орай «Алашқа – абыз, өнерде – аңыз» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Өнер додасына еліміздің әр шалғайынан келген 14 ақын қатысты. Олардың өнеріне ақын Ахметжан Өзбеков төрағалық еткен, құрамында танымал ақындар Қайырбек Асанов, Маралтай Райымбекұлы, Үміт Битенова, журналистер Оралхан Дәуіт пен Нұрболат Әлдибек бар қазылар алқасы төрелік етті.
Айтыстың қорытындысында қазылар алқасының шешімімен 700 мың теңгенің бас жүлдесі қос ақын Нұрзат Қару мен Әсет Дүйсебаевқа берілді. Жүлделі І орынды 500 мың теңгесімен Нұрмат Мансұров қанжығасына байласа, II орынды (400 мың теңге) түркістандық Бекарыс Шойбек, ІІІ орынды Асхат Қылышбек (300 мың теңге) иемденді. Сондай-ақ айтыс аламанында белсенділік танытқан ақындарға 100 мың теңгелік ынталандыру сыйақылары табысталды.