Сайлау

Жамбыл облысында 384 бас мал ұрлаған күдіктілер ұсталды

0 11

Жамбыл облысы полиция департаментінің криминалдық полицейлері бірнеше мал ұрлығы дерегіне қатысы бар деген күдікпен 4 күдіктіні ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олардың осы жылдың шілде-қазан айлары аралығында Байзақ ауданының аумағында болған 4 мал ұрлығы дерегіне қатысы бар екені анықталды. Сол уақыт аралығында қоралардан және жайылымдардан жалпы саны 384 бас ұсақ мал қолды болған. Жалпы шығын 34 млн теңгені құрап отыр.

Тергеу барысында полицейлер заттай дәлелдемелер жинап, куәгерлер мен күдіктілерден жауап алды. Күдіктілерге қатысты бірнеше рет аса ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.