Франциядағы қаржылық дағдарыс бүкіл Еуропаға қауіп төндіруі мүмкін
Франциядағы бұрын-соңды болмаған наразылықтар елдегі қаржылық мәселелердің ушығып бара жатқанын көрсетті. Бұл жағдай Еуропада елеулі дағдарысқа әкелуі мүмкін. Бұл туралы «CNN» телеарнасы хабарлады.
«Дағдарыстың басқа елдерге және жалпы еуроаймаққа таралу ықтималдығы өте жоғары. Бұл өз кезегінде бүкіл өңірде елеулі дағдарысқа әкелуі мүмкін», деді «Oxford Economics» консалтингтік компаниясының Еуропа бойынша бас экономисі Анхель Талавера.
Жоғары сынып оқушыларының наразылық акциялары қыркүйек айының соңында Иль-де-Франс өңірінде басталып, көп ұзамай бүкіл Францияны қамтыған тәртіпсіздіктерге ұласты. Кейбір қалаларда наразылық білдірушілер мен полиция арасында елеулі қақтығыстар орын алды.
Мәселен, елдің солтүстігіндегі Па-де-Кале департаментіне қарасты Ланс коммунасында алдын ала мәлімет бойынша, шеруге қатысушылардың бірінің қолы білезік тұсынан үзіліп кеткен.
Наразылықтар басталғалы бері жандармдар мен полиция қызметкерлері 6,6 мыңнан астам адамды ұстаған. Олардың 90 пайызы кәмелетке толмағандар болған.