Непалда екі адам 10 күннен кейін тірі табылды

0 11

Құтқарушылар су тасқынынан 10 күн өткеннен кейін екі адамды тірі күйінде тапты. Олардың бірі ер адам, екіншісі әйел.

Әйелді Нувакот ауданында үйінділер мен лайдың астынан тауып, тікұшақпен Катмандуға жеткізді. Ал ер адамды «Тришули» гидроэлектр станциясының туннелінен құтқарды.

Осы уақытта 5 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Табиғи апат салдарынан кемінде 1,3 мың адам қаза тапқан.

Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.