Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады

0 18

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Вице-президенті Ерлан Қаринді қабылдады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымының Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгенін және оның мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. Атап айтқанда, Вице-президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.