Үйдегі ең лас зат асүйде тұр

0 14

Биолог Дмитрий Сафонов үйдегі ең лас заттың не екенін айтты. Оның айтуынша, бактерия ең көп жиналатын «мекен» — асүйдегі ыдыс жуатын ысқыш.

«Асүй ысқыштары — кір мен бактерияны ең көп жинайтын заттардың бірі. Оларды әр бір-екі апта сайын ауыстырып тұрған дұрыс. Ал күнделікті қолдансаңыз, тіпті аптасына бір рет ауыстырған жөн. Үйдегі ең лас зат осы деуге болады», — деді Сафонов.

Биологтың айтуынша, ысқыш үнемі ылғал болып тұрады әрі оның кеуекті құрылымына тамақ қалдықтары жиналады. Соның салдарынан ол ішек таяқшасы мен стафилококк сияқты бактериялардың көбеюіне өте қолайлы ортаға айналады.

Маман ондағы бактерияларды жай ғана ыдыс жуатын сұйықтықпен толық жою мүмкін емес екенін атап өтті. Себебі микробтар оның сыртында ғана емес, кеуектерінің ішінде де көбейеді.