Ағзаны күзге қалай дайындау керек?
Күз мезгіліне ағзаны алдын ала дайындап, күнделікті ас мәзіріне өзгеріс енгізген жөн.
Мамандар ең алдымен маусым көкөністеріне — асқабақ пен сәбізге көңіл бөлуге кеңес берді. Олардың құрамында иммунитетті нығайтуға және ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажет А дәрумені мен жасұнық мол.
Сондай-ақ, майлы балықты жиі тұтынған пайдалы. Ол D дәрумені мен омега-3 май қышқылдарына бай. Ал жұмыртқа D дәруменінің тапшылығын толықтыруға және ағзаның қуатын сақтауға көмектеседі.
«Селен қорын толықтыру үшін құс еті мен теңіз өнімдерін жеуге болады. Ал мырыш сиыр етінде, бұршақ тұқымдастарда және жаңғақта көп кездеседі», — деді мамандар.