Үндістанда найзағай түсіп, 20 адам қаза тапты
Үндістанның Джаркханд штатында найзағай түсіп, 20 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға кезінде марқұмдардың барлығы Гиридих округіндегі егіс алқаптарында жұмыс істеп жүрген.
Үндістанның Джаркханд штатында найзағай түсіп, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады. Қаза болғандардың барлығы Гиридих округінің тұрғындары. Олар найзағай соққан кезде егіс алқаптарында жұмыс істеп жүрген.
Синоптиктердің мәліметінше, мұхиттан соққан күшті жел аймаққа нөсер жауын мен дауыл алып келген. Метеорологтар желдің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін жетуі мүмкін екенін ескертті.
Айта кетейік, өткен жылы осы штатта найзағай салдарынан 200-ден астам адам қаза тапқан.