Құрылтай

АҚШ-та миллионер зейнеткерлер саны екі есеге артты

0 19

АҚШ-та зейнетақы шотында миллиондаған доллар жинаған азаматтардың саны соңғы бес жылда айтарлықтай артты. The «Wall Street Journal» басылымының мәліметінше, 2024 жылы жеке зейнетақы шотында кемінде 25 млн доллар сақталған америкалықтардың саны 1000-нан асты. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Сондай-ақ, шотында 10 млн доллардан астам қаражаты бар адамдардың саны үш есеге өсіп, 11,6 мың адамға жеткен.

Сарапшылар мұны жоғары технологиялық стартаптарға салынған табысты инвестициялармен байланыстырады. Мәселен, «Nasdaq Composite» индексі 2019 жылғы 7 мың тармақтан 25,8 мың тармаққа дейін өскен. Ал, «Roblox» компаниясының акциялары «IPO»-дан кейін 45 доллардан 2025 жылдың қыркүйегінде 135 долларға дейін қымбаттаған.

Айта кетейік, «IRA» шоттары бастапқыда қарапайым азаматтарға зейнетке қаражат жинауға көмектесу үшін құрылған. Алайда, бүгінде оларды ауқатты инвесторлар салықтық жеңілдіктерді пайдалану құралы ретінде жиі қолдана бастады.

Осыған байланысты АҚШ саясаткерлері мен реттеуші органдары мұндай шоттарға қатысты салық саясатын қайта қарау мүмкіндігін талқылап жатыр.