Бір мезетте – мың сабақ
Код жазуды үйрену бүгінде ойын сияқты қызық. Португалияның Лиссабон қаласында бір мезетте өткен бағдарламалау сабағына 1668 адам қатысып, әлемдік рекорд орнатты.
Мұны «Guinness World Records» ресми тіркеген. Сабақты Лиссабондағы «Instituto Superior Técnico» университетімен бірлескен ұйымдар өткізді.
Бағдарламалау сабағы дегеніміз – компьютерге қарапайым бұйрық беруді үйрену. Мысалы, мәтін шығару, есептеу, логика құру сияқты негіздер. Осынша адам бір уақытта бір нәрсе үйреніп, бір залда бір мақсатқа жұмылғаны да – ерекше көрініс.