Конституция

Бір мезетте – мың сабақ

0 6

Код жазуды үйрену бүгінде ойын сияқты қызық. Португалияның Лиссабон қаласында бір мезетте өткен бағдарламалау сабағына 1668 адам қатысып, әлемдік рекорд орнатты.

Мұны «Guinness World Records» ресми тіркеген. Сабақты Лиссабон­дағы «Instituto Superior Técnico» уни­вер­ситетімен бірлескен ұйымдар өткізді.

Бағ­дарламалау сабағы дегеніміз – компьютерге қарапайым бұйрық беруді үйрену. Мысалы, мәтін шығару, есептеу, логика құру сияқты негіздер. Осынша адам бір уақытта бір нәрсе үйреніп, бір залда бір мақсатқа жұмылғаны да – ерекше көрініс.