Мойынқұмда күн мен жел энергиясына негізделген жобалар жүзеге асады

0 5

Мойынқұм ауданында жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған 90,6 миллиард теңгені құрайтын үш ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Жобалар күн және жел энергиясын тиімді пайдалануға негізделіп, өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға және экологиялық таза энергия өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа бастамалар «жасыл экономика» қағидаттарын жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. Бұл көміртегі шығарындыларын азайтуға, экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге және энергия көздерін әртараптандыруға бағытталған.

Сонымен қатар, жобалардың іске асуы құрылыс кезеңінде де, пайдалануға берілгеннен кейін де жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Мамандар Мойынқұм өңірінің табиғи-климаттық жағдайы жасыл энергетиканы дамытуға қолайлы екенін атап өтеді.

Жалпы, аталған инвестициялық жобалар Жамбыл облысының энергетикалық саласын дамытуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етпек.