Ардагер отбасын құттықтады

0 5

Халықаралық отбасы күніне орай және «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» идеологиялық бағыты аясында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Көлтоған ауылы №14 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы азаматтық қорғау органдарының ардагері Қалыбек Ұзақбайұлы Егембердиевтің шаңырағына арнайы барып, отбасының ұрпаққа өнегелі үлгі болатынын атап өтіп, мерекелік құттықтау жасады.

Кездесу барысында қызметкерлер отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананың қоғамдағы рөлін насихаттау мәселелерін талқылады. Ардагер отбасына сыйлықтар табыс етіліп, жылы лебіздер жеткізілді. Сонымен қатар, жастарға өнегелі отбасы үлгісін көрсету, ұрпаққа берік құндылықтарды үйрету маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Тұмаркүл апа өз кезегінде жанұядағы бірлік, ұрпақтар сабақтастығы туралы тағылымды ойларымен бөлісіп, қызметкерлерге ақ батасын берді. «Отбасы – әрбір қоғам мүшесінің тірегі, ұрпаққа тәрбие мен мейірімділіктің бастауы», – деді ол.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қорғау саласында еңбек етіп жүрген ардагерлердің үлгісін жастарға көрсету, отбасылық құндылықтарды насихаттау арқылы қоғамдағы берік байланыстарды нығайту. Кездесу барысында өрт сөндіруші мамандар отбасының қоғамдағы орны мен рөлі жайлы ой бөлісіп, мерекенің мәнін арттырды.

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі алдағы уақытта да осындай отбасылық құндылықтарды насихаттау шараларын жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Бұл тек мерекелік іс-шара ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы отбасы рөлін дәріптеу және жастарға өнегелі үлгі көрсетуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.