Қауіпсіздік жағдайына баса мән береміз

0 6

Төтенше жағдайлар саласында жұмыс қауырт болатыны белгілі. Осындай қауырт жұмыстың ортасында жүрген Мойынқұм аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мейірбек ДҮЙСЕМБАЕВПЕН өзі басқаратын саланың тыныс-тіршілігі турасында сұқбаттасқан едік.

– Мейірбек Серікбайұлы, ауданның жер көлемі қанша? Өздеріңіздің мүмкіндіктеріңіз туралы айтып өтсеңіз.

 – Мойынқұм ауданының жалпы жер көлемі – 5 045 071 гектар. Оның ішінде орман қоры жерлері — 1 925 594 гектар. Ұланбел – 368 086, Бурылбайтал – 392 400, Мойынқұм – 495 937, Көктерек 468 770 гектар жерді құрайды. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 724 082 гектар болса, 5431 гектар суармалы егістік, 20 714 гектар шабындық, 664 120 гектар жайылымдық, басқа жерлер 33 816 гектар. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге мақсатқа арналған жерлер — 13 490 гектар, елді мекен жерлері — 49 588 гектар, су қорының жерлері — 315 985 гектар, босалқы жерлер — 561 295 гектар. Мойынқұм ауданы орман шаруашылығы солтүстік жағынан Қарағанды облысымен, солтүстік-шығыс жағынан Алматы облысымен, шығыс жағынан Шу ауданымен, оңтүстік жағынан Меркі, Рысқұлов, және Байзақ аудандарымен, оңтүстік-батысы Талас ауданымен, батысы Сарысу ауданымен шекаралас. Міне, осынша аумақтың төтенше жағдайларын реттеу оңай шаруа емес. Біздің жігерлі жігіттеріміз сол ауқымды жұмысты уақытпен санаспай жүзеге асырып жатыр.

– Көлемі көп жердің мәселелері де мол болатыны түсінікті. Өрт қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес жұмыстары қалай жүріп жатыр?

– Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде штат саны 5 адам. Бөлім бастығынан бөлек 4 маман бар. Әрине, оны осынша жер көлемі көп аудан үшін жеткілікті деп те айта алмаймыз. Сіздің өрт туралы сауалыңызға келсек, №18 аудандық өрт сөндіру бөлімінде 4 арнайы өрт сөндіру автокөлігі техникаларымен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, 3 дана «Камаз», 1 дана «УАЗ» таблетка көлігі 1 тонна суымен қамтылған. Бөлім бастығынан бөлек, жеке құрам — 16 адам. Аудандық өрт сөндіру бөлімінде қызметкерлер 4 ауысыммен жұмыс істейді, бір ауысымда 3 адам кезекшілікке түседі. Мойынқұм, Көктерек, Бурылбайтал, Ұланбел орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мекемелерінде де кезекшілік ұйымдастырылған. Олармен үнемі байланысып отырамыз. Аудан аумағындағы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерінде 69 адам және өрт сөндіру техникалары Фермер УАЗ — 5, Хантер УАЗ — 3, таблетка УАЗ — 2, 15 трактор соқаларымен, 14 ранцевті өрт сөндіргіш, 28 рациямен жабдықталған.

«Каз авиа орман күзету» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын мекемесі өртке қарсы кезеңінде бақылау жүргізеді. Әуе техникасымен орман және далалық алқаптарды әуеден патрульдеу барысында табиғи өртті немесе жану оқиғасын анықтаған жағдайда, ақпаратты аудандық төтенше жағдайлар бөліміне телефон арқылы жедел ұсынады. Өртке қарсы құрал-жабдықтармен (өртке қарсы ранцер, минералдық жолақ жасайтын грунтомет, ауа үрлеу аппараты) толық қамтамасыз етілген. Әуеден патрульдеу ауа райына байланысты күніне 2-3 реттен орман және дала алқаптарын бақылайды.

  • Мойынқұмда ауылдардың арасы шалғай деп жатады. Ол жұмыстарыңызға кедергі келтірмей ме?

– Дұрыс айтып отырсыз, мұндай мәселе туындайтыны рас. Елді мекендердің аудан орталығынан шалғай орналасауына байланысты Бірлік және Шығанақ ауылдық округтерінде 2021 жылы 2 өрт сөндіру бекеті ашылған болатын. Әр бекетте 7 өрт сөндірушіден жұмыс істейді. Сол уақыттан бері жұмысымыз жақсарып, тиімділік арта түсті. Шығанақ ауылындағы өрт сөндіру бекетінде 4 өрт сөндіруші Урал-4320 өрт сөндіру көлігімен қамтамасыз етілген. Арнайы өрт сөндіру киімдері, жұмыс телефоны және техникаға керекті құрал-жабдықтар, өрт сөндіретін жиынтықтар, аккумлятор алынып берілді. Аудан бойынша өртке қарсы ерікті құрам мүшелерінің саны – 112. Онда 8 тіркемелі трактор, 12 бейімделген техника бар. Өртке қарсы жарақтар бойынша: 6 мото помпалар, 92 аспалы су бүркіштер, 48 алғашқы құралдар пайдалануға берілген. Аудан аумағында табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарына өртке қарсы ерікті құрылымдарына жауынгерлік арнайы киіммен Ұланбел, Қарабөгет, Қылышбай, Мойынқұм, Жамбыл және Қызылотау ауылдық округтеріне 30 данадан бас киім (кепка), аяқ киім (берцы), және 30 дана арнайы киімдермен және қол асты өрт сөндіру құралдары (ранцевый огнетушитель) алынып берілді. Бірер жыл бұрын Кеңес, Биназар, Бірлік, Қызылтал, Қызылотау және Жамбыл ауылдық округтеріне 32 данадан бас киім (кепка), аяқ киім (берцы), 32 дана арнайы киімдермен және қол асты өрт сөндіру құралдары 38 дана (ранцевый огнетушитель) алынып берілді. Мұндай қажеттіліктермен Хантау, Мирный, Шығанақ, Мыңарал, Ақбақай және Ақсүйек ауылдарының мамандары мен жұмысшылары да қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 16 ауылдық округ 80 дана арнайы киімдермен және қол асты өрт сөндіру құралдарымен, қыстық және жаздық аяқ киімдермен (берцы) қамтамасыз етілді.

Өткен жылы 70 жану және 30 өрт оқиғасы орын алды. Жалпы көлемі 80-90 гектарды құрайды. Өрттен келген шығын жалпы 1 миллион 230 мың теңгені құрады. Тіркелген барлық дала өрттері мерзімінде толық өшірілді. Мойынқұм ауданы бойынша өрт тұрғысынан қауіпті кезеңге дайындық шаралары аудан әкімінің қатаң бақылауында.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің 2025 жылдың 08 сәуірдегі №79 Қаулысына сәйкес, өрт қауіпті маусымында облыс аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бақылауда ұсталды. Былтыр аудан аумағында дала және орман өрттерінің алдын алуға, мемлекеттік орман қоры жерлеріне табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою және ормандар, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ бөлімшелері мен ауылдық округтердің ерікті өртке қарсы құрылымдары арасындағы іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Оларға 112 адам, 23 техника жұмылдырылды. Орманды және далалық жерлердегі өрттердің алдын алу мақсатында ауданда орналасқан Мойынқұм, Көктерек, Бурылбайтал, Ұланбел орман шаруашылықтарында өрт қауіпсіздігіне қатысты жоспар жасалынған. Өрт қауіпсіздігіне арналған 34 аншлаг орнатылып, 2790 км өртке қарсы минералды жолақ жыртылды.

Аудан әкімінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 17-өкімімен орманды дала алқаптарында өрттердің алдын алу бойынша ТЖ бөлімі, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдар жеке құрамының күшімен бірлескен мобильді топ құрылып, рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Мобильді топтың мақсаты өрт қауіпті кезенде тұрғындардың арнайы белгіленбеген орындарда, орман дала алқаптарында от жағуына жол бермеу болып табылады.

Аудан аумағында өрт қауіпсіздігі тақырыбында дала алқаптарына және жол бойларына 3 билборд және 11 ескерту таяқшалары орнатылды. Жергілікті баспасөзде азаматтардың қауісіздігін сақтау шаралары бойынша және облыс Төтенше жағдайлар департаментінің сайтына «Табиғатты өрттен сақтайық», «Өрт қауіпі кезінде сақтық шаралары бойынша рейдтік жұмыстар» тақырыбтарында 12 мақала жарық көрді. Мойынқұм ауданы әкімдігінің «Instagram» парақшаларында 17 ақпарат жарияланды. Жергілікті атқарушы орган, волонтерлар және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, 5 рейдттік патрульдеу жүргізіліп, түсіндіру жұмыстарымен 120 адам қамтылып, жадынамалар таратылды. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар кеңінен жүргізілуде және жалғасуда.

Табиғи, дала өрттерді жою және алдын алу бойынша аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 ауылдық округте 112 адамнан тұратын 16 ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылған. Техника және құрал жабдықтары: 12 тіркемелі трактор, 12 бейімделген техника, 10 мотопомпа, 92 аспалы су бүркіштер, 48 өрт сөндіру сабалақтарымен қамтамасыз етілген.

2026 жылдың өрт қаупі маусымында аудан аумағында өрттердің алдын алу және жеделден ден қою мақсатында сөндіру жұмыстарына қатысатын техникаларға жанар-жағар май қоры жасалуына, су тасығыш техникасымен, өрт жасақтарына жауынгерлік, далалық арнайы киіммен және қол асты өрт сөндіру құралдарымен, респиратор, қол шам, медициналық алғашқы көмек жинағымен қамтамасыз етуді ойластырып отырмыз.

– Өрттің алдын алу бойынша жеткілікті айттыңыз. Енді су тасқынының алдын алу, болдырмау мәселелері бойынша қандай шаралар көзделуде?

– Мойынқұм ауданы бойынша су қорғау белдеулері мен аймақтарында су тасу қауіпі бар 2 елді мекен (Мойынқұм, Жамбыл ауылдық округтері) орналасқан. Су тасу қатерінің алдын алу мақсатында топырақты үйінділер, бөгеттер жасалып жағалаулар нығайтылған. 2024 жылдың 18 наурызында су тасқыны кезеңін апатсыз режимде өткізу мақсатында аудан әкімдігі мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі су басу қауіпті аймақтарында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде су басу қаупі бар 2 учаскі анықталды, Мойынқұм ауылы Шу өзенінде, «Фурманов» су торабының төменгі және жоғарғы бъефінде жағалауларды нығайту бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Мәдібекпен бекітілген 2025 жылға арналған инженерлік іс-шаралар жоспарына енгізілді және аудан әкімімен су тасқыны кезеңінде ТЖ қаупі төнген және туындаған кезде іс-әрекеттер алгоритмі бекітілді. Осы аталған елді мекендердің тұрғындарына су тасқыны кезіндегі әрекет ету алгоритмін қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жадынамалар таратылуда және бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерге жариялануда. Барлық ауылдық округтеріне су тасқынының алдын-алу мақсатында көпірлерді, каналдарды, арықтарды тазарту жұмыстарын ұйымдастыру және қатан бақылауға алынуы тапсырылды. Гидротехникалық құрылыстарының техникалық жай-күйіне, канал-арықтарға аудандық әкімшілігі және ауылдық округ әкімшіліктері тарапынан тұрақты түрде бақылау жүргізіледі. Су тасқынына қарсы аудан бойынша іс-шара жоспары бекітіліп барлық ауылдық округтеріне және тиісті мекемелеріне орындауға жіберілді.

Ауылдық округтеріндегі орналасқан су өткізу құрылғылары, көпірлер, арық-атыздар және каналдардың тазалығы, Шу өзенінен арық-каналдар арқылы баратын елді мекендердің тұсындағы байлаулардың су басу салдарынан бұзылып кетпеуін алдын алу шараларын жүргізіп, су басу қауіпі біткенше күнделікті кезекшілік ұйымдастыруға, зерделеу жұмыстарын жүргізуге, округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Мойынқұм шөлейтті аудан десек те, әр жыл сайын су тасқыны мәселесі бойынша қамсыз отырмаймыз. 2025 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне гидротехникалық, қорғау құрылыстары мен арық-дренаж жүйелерінің жағдайы су тасқыны қатерлерінің алдын алу мен оларды жою бойынша алдын алу жұмыстарын ойластырдық. Былтыр «Көктем — 2025» республикалық командалық- штабтық арнайы тактикалық оқу жаттығуы өткізіліп шұғыл әрекет ету жасағын сапқа тұрғызып, су тасқынына дайындығы тексеріліп, пысықталды. Аудан көлеміндегі шұғыл әрекет ету тобы 12 адам, 6 техника (самосвал Камаз 65115-026 — 2 дана, погрузчик LW 500F -1 дана, эксковатор — 1 дана, трактор тіркемесімен — 1 дана, УАЗ — 1 дана) және 6 дана мотопомпа, 1 дизельді генератор, 3000 қап, 50 күрек, 7 дана рация және басқа да құралдармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатыр, «Мойынқұм аудан әкімі аппараты» КММ-сі мен «Ал Кон Сер ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен төтенше жағдай қауіпі төнген немесе туындаған кезеңде техникалық қызметтер көрсету бойынша меморандум жасалынған. Меморандум аясында «Ал Кон Сер ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Shachman – 4 дана, Грейдер – 2 дана, Погрузчик – 1 дана, Бульдозер – 1 дана) техникалардың қызметін ұсынады. Су тасқыны кезінде халықты қауіпсіз уақытша орналастыру пунктіне жеткізу мақсатында ЖК «Рысымбетов П.Р» келісімшарт жасалған, олар 6 дана шағын автобуспен халықты тасымалдау жұмыстарын жүргізеді.

Аудан аумағында халықты уақытша орналастыру пунктері аудан әкімінің 2021 жылғы 27 шілдедегі №136 қаулысына сәйкес білім беру мекемелері, яғни елді мекендегі мектептер эвакуациялық пункті болып бекітілген. Эвакуациялық пунктілердің жалпы саны – 24.

Аудан аумағында төтенше жағдай кезінде тұрғындарды хабарландыру мақсатында, барлығы 8 дана құлақтандыру жүйелері («С-40» — 1 дана, сирена-дауыстық құрылғы – 7 дана) орнатылған. Аталған құлақтандыру электросиреналары тоқсан сайын тексеріліп тұрады.

Ауданда төтенше жағдай орын алған жағдайда ауыл, ауылдық округтерде азық-түлік тауарлармен, шағын маркет, дәрі-дәрмекпен және жанар-жағар маймен және қонақ үймен (шағын маркет-10, қонақ үй-1, жанар-жағар май-1, кафе -7 және азық-түлік дүкен-35) қамтамасыз ету мақсатында меморандумдар жасалынған.

– Мойынқұм шөлейтті аудан емес пе?

– Оныңыз рас, Мойынқұм ауданы шөлейтті аудандар қатарында. Дегенмен аудан аумағында су қорғау белдеулері мен аймақтарында су тасу қауіпі бар 2 елді мекен (Мойынқұм, Жамбыл ауылдық округтері) орналасқан. Су тасу қатері бар алдын алу мақсатында топырақты үйінділер, бөгеттер жасалып жағалаулар нығайтылған. 2024 жылдың 18 наурызында су тасқыны кезеңін апатсыз режимде өткізу мақсатында аудан әкімдігі мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі су басу қауіпті аймақтарында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде су басу қаупі бар 2 учаскі анықталды, Мойынқұм ауылы Шу өзенінде, «Фурманов» су торабының төменгі және жоғарғы бъефінде жағалаулар нығайту бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Мәдібекпен бектіліген 2025 жылға арналған инженерлік іс-шаралар жоспарына енгізілді және аудан әкімімен су тасқыны кезеңінде ТЖ қаупі төнген және туындаған кезде іс-әрекеттер алгоритмі бектілді.

Осы аталған елді мекендердің тұрғындарына су тасқыны кезіндегі әрекет ету алгоритмін қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жадынамалар таратылуда және бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерге жариялануда. Барлық ауылдық округтеріне су тасқынының алдын-алу мақсатында көпірлерді, каналдарды, арықтарды тазарту жұмыстарын ұйымдастыру және қатаң бақылауға алу тапсырылды. Гидротехникалық құрылыстарының техникалық жай-күйіне, канал-арықтарға аудандық әкімшілігі және ауылдық округ әкімшіліктері тарапынан тұрақты түрде бақылау жүргізіледі. су тасқынына қарсы аудан бойынша іс-шара жоспары бекітіліп барлық ауылдық округтеріне және тиісті мекемелеріне орындауға жіберілді. Ауылдық округтерде орналасқан су өткізу құрылғылары, көпірлер, арық-атыздар және каналдардың тазалығы, Шу өзенінен арық-каналдар арқылы баратын елді мекендердің тұсындағы байлаулардың су басу салдарынан бұзылуының алдын алу шараларын жүргізіп, су басу қауіпі біткенше күнделікті кезекшілік ұйымдастыруға, зерделеу жұмыстарын жүргізу туралы округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.

– Шу өзенінде, су торабының төменгі және жоғары бъефінде жағалауды нығайту, Радай көпірінің қауіпсіздігі де біраз жылдар бойы айтылды. Қазір бұл мәселелер бойынша жағдай қалай?

– Біздің ауданда үш айда бір мәрте аудан әкімі Ермек Карентаевтың қатысуымен Мойынқұм ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтіп тұрады. Сол ауқымды жиында барлық өзекті мәселелер бүге-шүгесіне дейін қаралып, талданады. Сіз қойып отырған сұрақ біраз жылдардан бері өзекті. 2024 жылдың 11 маусымында облыс әкімінің сол кездегі орынбасары Қанатбек Мәдібектің 2025 жылға арналған инженерлік іс-шаралар жоспарында Мойынқұм ауданы бойынша Мойынқұм ауылындағы Шу өзенінде, Фурманов су торабының төменгі және жоғары жағында жағалауды нығайту және Жамбыл облысы әкімі орынбасарының 2026 жылға арналған инженерлік іс-шаралар жоспарында Мойынқұм ауданындағы Радай көпірінің оң жақ және сол жақ өзен арнасының 3,5 шақырым арнасын бұру және құм шөгінділеріне тазалау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

2025 жылы ақпан айында аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен Мойынқұм ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысында 2025 жылдың көтемгі су тасқыны кезеңіне гидротехникалық, қорғау құрылыстары мен арық-дренаж жүйелерінің жағдайы су тасқыны қатерлерінің алдын алу мен оларды жою мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Шу өзенінің Мойынқұм ауданындағы Мойынқұм ауылына кіреберіс көпірдің сол жақ жағалауы ағын судың көп келуімен, арнадағы мұздың еріп су деңгейін көтеру салдарынан опырылып (обвал), ағын судың арнаны жырып кету қаупін туындатқан. Осыған байланысты, «Тасөткел» су қоймасынан босатылатың судың көлемі секундына 85 текшеметрден 50 текшеметрге дейін төмендетілген.

Күз мезігілінде вегетациялық кезең аяқталып, Шу өзенінде ағын су деңгейнің көтерілуіне байланысты Шу өзені жағалауының жай-күйін зеделеу бойынша комиссия құрамын жасақтау туралы аудан басшыларымен ақылдасып, шешімдер қабылдадық. Осы комиссияның атқарған жұмыстарының нәтижесінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау мүмкіндігіне сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы ақпараттар берілді. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» №387 Заңының аясында қорытындыға ұсынылуы қажет екендігі ескертілді.

Биылғы мақсаттар қандай?

– 2026 жылға да жоспарланған нақты жұмыстар бар. Биыл аудан орталығындағы негізгі ғимаратымыз күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңаланып, ел игілігіне берілді. Ғимараттың ашылуына еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрін келіп қатысты. Министрдің Мойынқұм ауданына келуі біздің қызметкерлерге зор серпін сыйлады. Аудан халқы үшін үлкен қуаныш болды. Министр облысымыз бойынша бірнеше төтенше жағдай құрылымына қатысты мекемелерге көлік сыйлады. Оның ішінде біздің Мойынқұм ауданы төтенше жағдайлар бөлімі де бар. Мұның барлығы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жасалып жатқан қолдау деп білемін. Мемлекет тарапынан осынша қолдау көрсетіліп жатқан кезде біз де жұмысымызды ширатамыз. Төтенше жағдайлардың алдын алып, өрт қауіпсіздігі жолында аянбай тер төгеміз дегім келеді. Биыл Мойынқұм ауданының құрылғанына 60 жыл толады. Біздің төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері бұл мерейлі сәтке үлкен табыс, жоғары жетістіктермен жетіп отыр.

 – Әңгімеңізге рақмет!