Жеке құрамның құқықтық сауаттылығы арттырылды

0 21

Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №8 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы профилактикалық сипаттағы арнайы жиын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің кәсіби тәртібін күшейту, жеке жауапкершілігін арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Жиын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін орындау, лудомания, суицид, зиянды әдеттерге қарсы профилактика жұмыстарын жүргізу, саламатты өмір салтын насихаттау тақырыптары талқыланды. Қызметкерлер дәстүрлі емес діни идеологиялардың ықпалынан қорғау жолдары мен отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу мәселелері туралы ақпарат алды. Мамандар әрбір қатысушының жеке жауапкершілігін арттыруға, құқықбұзушылықтарға жол бермеуге және қоғамдағы сенім деңгейін сақтау жолдарын талқылады.

Жиын барысында тәжірибелі мамандар нақты мысалдар келтіріп, қызметкерлерге түрлі қиын жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін көрсетті. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, кәсіби және жеке өмірдегі маңызды мәселелерді талқылап, бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Байзақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жеке құрамның біліктілігін арттыруға және қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталған осындай профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді. Қызметкерлердің тәртібі мен кәсіби дағдыларын жетілдіру арқылы, аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен сенім деңгейін сақтау басты мақсат болып отыр.