Референдум 15 марта

Келесі жылы Tesla роботтары сатылымға шығады

0 6

Elon Musk адамға ұқсас роботтарды қарапайым тұтынушыларға сату жоспары туралы айтты. Оның мәлімдеуінше, Tesla Optimus humanoid robot роботтары нарыққа шамамен 2027 жылдың соңында шығуы мүмкін.

Бұл туралы кәсіпкер World Economic Forum алаңында өткен кездесуде мәлімдеді. Масктың айтуынша, Optimus — жай ғана техника емес, адамдардың күнделікті өмірінде көмектесетін интеллектуалды көмекші болады. Робот үй шаруасына араласып, түрлі қарапайым тапсырмаларды орындауға қабілетті болмақ.

Алайда, роботтың нақты бағасы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Соған қарамастан, Маск 2024 жылы инвесторлармен кездесуде оның құны шамамен 10–20 мың доллар аралығында болуы мүмкін екенін айтқан.

Сонымен бірге, кәсіпкер бұл мерзімнің нақты бекітілмегенін де ескертті. Оның сөзінше, Tesla роботтарды тек толық дайын, қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істейтініне толық көз жеткізгеннен кейін ғана сатылымға шығарады.

Кейбір сарапшылар мұндай технологияны жақын жылдары нарыққа шығару қиын болуы мүмкін деп санайды. Мәселен, Engadget басылымының журналистері де алдағы екі жылда роботтардың жаппай сатылымға шығатынына күмәнмен қарайды. Себебі күрделі робототехника саласында күтпеген техникалық мәселелер жиі туындайды.

Дегенмен Масктың пікірінше, болашақта әрбір адамның жеке роботы болуы әбден мүмкін. Мұндай құрылғылар адамдардың тұрмысын жеңілдетіп, күнделікті жұмыстардың бір бөлігін өз мойнына алады.