Референдум 15 марта

Кездесулер ашық әрі мазмұнды форматта өтті

0 6

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында Биназар ауылы тұрғындарымен кездесу өтті.

Жиын барысында Конституция жобасында ұсынылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін арттыру бағытындағы бастамалар түсіндірілді.

Аудан әкімі өз сөзінде Конституция – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын басты құжат екенін атап өтіп, әрбір тұрғынның жаңа өзгерістермен мұқият танысып, ел болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытуының маңыздылығын жеткізді.

–Жаңа Конституцияның әр бабы мен тармақтары арнайы комиссияның талқысынан өтіп барып жазылып отыр. Бұл жерде қарапайым халықтың пікірі де ескерілді. Өзгерген баптардың баршасынан халыққа деген жанашырлықты, ел болашағына деген жауапкершілікті көруге болады. Сондықтан, сіздер сайлауға белсене қатысады деген сенімім зор, — деді аудан басшысы.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиын ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Осындай кездесу аталған ауылдағы  Ораз Жандосов атындағы орта мектеп ұжымымен де өтті. Кездесу барысында Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді.   Атап   айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды    күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы бастамаларға тоқталды.

Аудан әкімі өз сөзінде Конституция мемлекеттің басты құқықтық тірегі екенін атап өтіп, білім саласы қызметкерлерінің елдегі саяси-құқықтық реформаларға бейжай қарамай, қоғамдық пікір қалыптастыруда белсенді болуы маңызды екенін жеткізді.

Жиын барысында мектеп ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.