Референдум 15 марта

Жамбыл облысының полицейлері мен еріктілері есірткі жарнамасына қарсы акция өткізді

0 63

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және еріктілермен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді.

Іс-шара аясында заңсыз интернет-сілтемелерді, граффити жазуларды және есірткі заттарын таратуға байланысты QR-кодтарды анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізілді.
Анықталған интернет-ресурстар бұғатталды.

Қазіргі уақытта заңсыз контентті орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Акция барысында еріктілерге «Есірткісіз болашақ» акциясының белгісімен футболкалар мен бейсболкалар табысталды.

Полиция департаменті есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады. Аталған бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар, есірткіні «жасыру» тәсілімен тарататын тұлғалар есірткі заттарын өткізгені үшін ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікке тартылады.

Егер сіз есірткіні сақтау, өткізу, притон ұстау, граффити жазулар салу немесе есірткіні интернет арқылы тарату фактілері туралы білсеңіз, бұл жөнінде «Narko Shekteu Taraz» Telegram-боты арқылы немесе 102 (тәулік бойы) нөміріне хабарласа аласыз. Құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Жамбыл облысы Полиция департаменті өңір тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға және есірткі қылмысына бейжай қарамауға шақырады.