Жұлдыз жорамал: 9-15 ақпан аралығы
Тоқты
Тоқтылар үшін белсенді апта болмақ. Жаңа бастамаларға батыл қадам жасайсыз. Басшылық тарапынан да қолдау тауып, ойға алған идеяңызды жүзеге асырасыз. Алайда, аздаған шығын болуы мүмкін, бірақ экономикалық сауаттылығыңыздың арқасында жағдайды бақылауда ұстайсыз.
Махаббатқа келсек, сезімде қызу эмоция. Жалғыздар үшін – таныстық мүмкін.
Торпақ
Сабыр сақтасаңыз, жұмысыңыздағы қиындықтар бәрі өз орнына келеді. Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді тоздырмаңыз. Қаржы мәселесі де шешіліп қалар. Сондықтан, уақытша қомақты сатып алуды кейінге қалдырған жөн. Ал, махабатта жолыңыз болып, отбасылық қарым-қатынасыңыз нығая түседі. Денсаулықа келсек, асқазанға абай болыңыз, тамақты реттеңіз.
Егіздер
Алдағы аптада жұмысыңыз табысты сәттерге толы болмақ. Келіссөздер сәтті өтеді. Қаржы мәселесі де шешіліп, қосымша табыс көзі пайда болуы мүмкін. Махаббата флирт, жеңіл романтика сәттерін бастан өткересіз. Бірақ, уәде беруге асықпаңыз. Денсаулығыңыға аса мән беруді де ұмытпағайсыз. Таза ауада серуенді әдетке айналдырғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы.
Шаян
Әрдайым айналаңыздағылардың кеңесіне сене бермей, жүрек қалауыңызды жасап көріңіз. Сонда өміріңізге қатысты маңызды шешімдер қабылдап, үлкен табысқа кенелесіз. Бұл жерде сіз үшін үнемдеу режимі дұрыс көмек береді. Махаббат та маңызды. Өткенді қазбаламай, сүйгеніңізге қамқорлық көрсетіп, бір-біріңізге сезімдеріңізді жасырмаңыз.
Арыстан
Бұл аптада жұмыста көшбасшылық қабілетіңіз артып, мақсаттар орындалады. Сонымен қатар, қаржы мәселесі де рет-ретімен шешіледі. Қолы ашықтыққа салынбай, табысыңызды орнымен жұмсағаныңыз абзал. Сол сияқты махаббатта да абай болыңыз. Денсаулық үшін спортпен шұғылданыңыз. Отбасылық мәселені назарда ұстаған жөн.
Бикеш
Ұқыптылығыңыздың арқасында қателіктерден аулақ боласыз. Және қаржы мәселесінде де үлкен шығындардан сақтанасыз. Жалпы бұл апта бикештер үшін табысты болмақ. Ал, махаббатта құпияларыңызды жасырмай бөлісуге қолайлы уақыт. Демек серіктесіңізбен ашық болуға тырысыңыз. Денсаулыққа да мән беріп, уақытылы пайдалы дәрумендер ішіңіз.
Таразы
Жұмысыңызда өзгерістер болады. Және басшылық тарапынан ұсыныстар түсіп, таңдау жасауыңызға тура келеді. Қаржы мәселесі де ұқыптылықты талап етеді. Әмияныңыз ортайып қалмас үшін қарыз беруден сақ болыңыз.
Махаббат сіз үшін романтикаға толы кезең. Сүйіктіңіз сюрприз жасауы мүмкін. Денсаулыққа аса мән беріп, арнайы жаттығу залына барғаныңыз абзал.
Сарышаян
Күтпеген жерден құпия ақпарат ашылуы мүмкін. Ол үшін сабыр сақтаңыз. Себебі, сіз үшін ол жағымды жаңалық. Үлкен кіріс немесе сыйақы алып, қуанып қалуыңыз мүмкін. Ал, махаббатта жолыңыз болды десек болады. Қызу сезім, романтикаға толы сәттерді бастан өткересіз. Бірақ, сөзге абай болыңыз. Денсаулықта жүйкеңізді сақтап, көп демалыңыз.
Мерген
Бұл аптада айналаңыздағыларды тың идеялармен таңғалдырарсыз. Ойға алған сапарыңыз да сәтті болады. Қаржы мәселесінде жолыңыз болып, әмияныңыз ақшаға толады. Махаббат деген тәтті ұғымға мән берсеңіз, серіктесіңізбен ромнтикалық сезімдерді бастан өткересіз. Денсаулықта белсенді болыңыз. Тән сұлулығы үшін дене жаттығуларымен тұрақты айналысқаныңыз жөн.
Тауешкі
Жұмыста жауапкершілігіңіз артып, еңбегіңіз бағаланады. Соның нәтижесінде қаржы мәселесі де оң шешімін табады. Қорықпай алға қойған жоспарыңызды жүзеге асырыңыз. Махаббатта да жолыңыз болды. Серіктесіңізбен сезім тұрақты, сенім берік. Денсаулықта сүйек, тіс мәселесіне мән беріңіз. Отбасыңызға да көңіл бөлуді ұмытпаңыз.
Суқұйғыш
Қызметте басшылық тарапынан ерекше ойларыңыз қолдау тауып, командаңызбен бірге құрметке бөленесіз. Алайда, күтпеген шығындар болып, үлкен қиындықты қабілетіңіздің арқасында оңай еңсересіз. Ал, махаббатта достық сезімнен шынайы сезімге тап боларсыз. Денсаулыққа мәне беріп, ұйқы режимін реттеңіз.
Балық
Осы аптада жұмыста шығармашылық шабытыңыз оянып, ойға алған армандарыңыз орындалады. Әрдайым кіріс пен шығысты қадағалай отырып, ақшаны эмоциямен жұмсамаңыз. Өзіңізді бағалауды ұмытпаңыз, сонымен қатар, махаббатқа көңіл бөліңіз. Денсаулығыңыз үшін демалыс, тыныштық – басты ем. Көп кітап оқу да пайдалы.