Референдум 15 марта

Жұлдыз жорамал: 2 — 8 ақпан аралығы

0 125

Тоқты

Қозғалыс пен шешім аптасы. Тоқтылар үшін «кейінге қалдыру» жарамайды. Бастамашылдық танытсаңыз, жаңа жобаға жетекші болу мүмкіндігі бар. Бірақ, ашуға ерік бермеңіз. Апта ортасында күтпеген шығын болуы мүмкін. Ақшаны эмоциямен жұмсамаған жөн. Махаббатта өзіңізді дәлелдеуге тырысасыз. Серігіңізге жұмсақтық жетіспеуі мүмкін. Бас ауруы, қан қысымы мазалайды. Демалыс маңызды. Кез-келген істі алдымен ойлап, содан кейін ғана әрекет еткен дұрыс.

Торпақ

Аптаның жалпы энергиясы: тұрақтылық пен жайлылық. Жұмыста қиыншылықтар орын алады, десе де сенімді істер тапсырылады. Асықпаған жөн, жеңіс әкеледі. Үлкен сатып алу ойыңызда болса, апта соңына қарай жүзеге асыру тиімді. Махаббатта сенім мен жылулық күшейеді. Отбасымен бірге үйде уақыт өткізу пайдалы. Денсаулығынызға көңіл бөліп, артық тамақтан сақтанған жөн. Апта соңы сәттілікке толы. Өзіңді кінәлай бермген дұрыс, бәрі өз уақытында.

Егіздер

Аптаның жалпы энергиясы: ақпарат, қарым-қатынас, қозғалыс. Жұмыста құжат, келісім, хат алмасу сәтті болады. Бірақ, уәдені көп бермеген дұрыс. Ұсақ табыстар жиналып, жақсы нәтиже береді. Махаббатта екіұдай сезім болуы мүмкін. Таңдау жасап, дұрыс шешімге келу керек. Денсаулықта ұйқысыздық қаупі бар. Бір мезгіл таза ауада тынығып, өзіңізге көңіл бөле білу қажет. Барлық істі бір уақытта істемей, басымдық қойып, ретімен жүзеге асыру қажет.

Шаян

Аптаның жалпы энергиясы: эмоция, ішкі әлем. Жұмыста артыңыздан сөз еруі мүмкін. Өз позицияңызды сабырмен қорғай біліңіз. Қаржының көп бөлігі отбасыға жұмсалады, бұл орынды. Өткен сезімдер еске түсуі мүмкін. Денсаулықта асқазан мазалап, ұйқы режимі бұзылады. Серуен, йога, бассейін артықтық етпейді. Өзіңізді жайлы сезіну үшін өткенді емес, қазіргі сәтті таңдағаныңыз дұрыс.

Арыстан

Аптаның жалпы энергиясы: жрқырау мен бедел. Жұмыста сіздің мүмкіндігіңізді байқайды, сынайды, бағалайды. Ақша бар, десе де тәкаппар шығын болуы мүмкін. Махаббатқа келер болсақ, назар, сыйлық, сезімге толы апта. Денсаулыққа назар аударып, қан айналымын жақсартуға тырысқан дұрыс. Көшбасшы болған жақсы, бірақ көпшілікпен санасып, тыңдай білген де дұрыс.

Бикеш

Аптаның жалпы энергиясы: талдау мен тәртіп. Жұмыста қателікті байқайсыз, бұл беделіңізді өсіреді. Қаржылық жинақ пен есепке қолайлы кезең. Махаббатқа сезімді емес, логиканы қосып жіберуіңіз мүмкін. Денсаулықта ішек аурулары мазалап, дәрумен жетіспеушілігі байқалуы мүмкін. Әрқашанда мінсіздік емес, жылылық маңызды екендігін естен шығармаңыз.

Таразы

Аптаның жалпы энергиясы: теңдік пен шешім. Жұмыста екі нұсқаның бірін таңдау керек. Қарыз беру немесе алу мәселесі тууы мүмкін. Махаббатта әдемі сөздер мен романтикаға толы кезең. Денсаулықта шаршаңқылық байқалып, арқа, мойын тұстары мазалауы мүмкін. Өз қалауыңызды соңына қалдырмаңыз. Массаж алып, СПА-ға барып, өзіңізге уақыт арнаған дұрыс.

Сарышаян

Аптаның жалпы энергиясы: тереңдік пен өзгеріс. Жұмыста барлығы тұрақты. Құпия жоспар іске аса бастайды. Қаржыға қатысты ұзақ мерзімді инвестиция ойлантады. Махаббатта құмарлық та, текетірес те бар. Денсаулыққа гормоналды тепе-теңдік керек.
Сейсенбі сәтті күн. Бақылауды азайтып, өзіңізге деген сенімді арттыра түсіңіз, сонда бәрі сәтті болады.

Мерген

Аптаның жалпы энергиясы: еркіндік пен даму. Жұмыста шетелге іссапар, оқу, жаңа бағыт күтіледі. Ақша келеді, бірақ, ұстап тұру қиын. Махаббатта қашықтық немесе айырмашылық сезіледі. Денсаулықта қатысты жамбас, аяқ мазалауы мүмкін. Бейсенбі
сәттілікке толы күн. Армандаудан қорықпаңыз, бәрі ретімен, кезең-кезеңімен сәтті жүзеге асады.

Тауешкі

Аптаның жалпы энергиясы: жауапкершілік. Жұмыста баяу, бірақ, сенімді өсу. Қаржыға қатысты жинақ, мүлік мәселесі орын алуы мүмкін. Махаббатта сезім бар, бірақ сөз аз.
Тізе, буын, сүйек мазалайды. Сәрсенбі сәтті күн. Жұмыспен ғана өмір сүрмей, өзіңізге, айналаңызға назар аударыңыз. Саяхат, отбасылық серуен артық болмайды.

Суқұйғыш

Аптаның жалпы энергиясы: ерекшелік. Креатив бағаланады. Досқа байланысты қаржылық шығын орын алуы мүмкін. Махаббатта күтпеген сезім орын алады. Жүйке, ұйқы бұзылып, денсаулықта мазасыздық байқалады. Спортпен шұғылданып, денсаулығыңызға назар аударыңыз. Сенбі сәтті күн. Ерекше болу – артықшылық.

Балықтар

Аптаның жалпы энергиясы: интуиция мен сезім. Шабыт бар, бірақ тәртіп керек. Ақша су сияқты – келіп-кетеді. Махаббат нәзік, терең байланыс. Иммунитет төмендеп, суық тию ықтималдығы жоғары. Алдың алып, иммунитет көресетін дәрумендер қолданып, таза ауада серуен жасаған дұрыс. Апта басы, дүйсенбі сәтті күн. Өзіңді еш жерде құрбан етпе, жүйелі, асықпай, сәтті қызмет ет.