Қазақ топ-менеджерінің табысы

0 21

Қазақстандық топ-менеджер Кремний алқабында 500 миллион долларлық келісім жасады.

Ғалым Иманбаев АҚШ-тағы ең ық­палды венчурлік қорлардың бірі – «Lightspeed Venture Partners» компания­сының серіктесі атанды. Қор 35 миллиард доллардан астам активті басқарады, ал Ғ.Иманбаевтың жеке портфелінде 500 миллион доллардан асатын инвестициялық келісімдер бар. Сарапшының айтуынша, АҚШ-та венчурлік қорлар жылына орта есеппен екі-ақ мәміле жасайды. Ол отандық стартаптарға жаһандық ойлау, нарықты терең түсіну, Кремний алқабының ережесіне бейімделу қажет екенін айтады.